Депутаттармен кездесу

Бүгін, яғни 18 мамырда университет ұжымы «Қазақстан Халық партиясы» Фракциясының депутаты Александр Александрович Милютинмен және университеттің түлегі, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты, «Аманат» партиясының мүшесі Ғалымжан Алмасбекұлы Елеуовпен кездесті.

Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж.Тоқаевтың «Еліміздің Ата Заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлығына сәйкес Республикалық референдум өткізу туралы толық ақпарат беру және ұжымды референдумға қатысуға үндеу.

А.А. Милютин Жалпыхалықтық референдум арқылы Конституциялық өзгерістің іске асатындығын айтты.

Ғ.А. Елеуов «Конституцияға енгізілген өзгерістер Жаңа Қазақстанды құрудың негізін нығайтады» деп атап өтті. Сондай-ақ референдумға қатысуға шақыра отырып, жаңа Қазақстанды бірге жасауға шақырды.