COVID-19 ЖӘНЕ БҮГІНГІ МЕДИЦИНА

19 мамыр күні Марат Оспанов атындағы БҚМУ «Қоғамдық-гуманитарлық пәндер» кафедрасының ұйымдастырумен «Covid-19 және бүгінгі медицина» тақырыбында танымдық-ақпараттық шара өтті.

Шара барысында м.ғ.к., профессор, дәрігер-инфекционист М.С. Курмангазин пандемия жағдайында ерлікпен қызмет көрсеткен медицина саласы қызметкерлерінің жұмысын және кадр тапшылығы болғанын, індеттің қазіргі жағдайы туралы мазмұнды баяндама жасады. Сонымен қатар «Жалпы медицина» факультетінің 102 топ студентті A. Сағынтай «Covid-19 және бүгінгі медицина» тақырыбында университет студенттерінің арасында жүргізген сауалнаманың қортындысын статистикамен көрсетті.

Өзекті тақырыпта студенттермен ой-пікір алмасып, өздерінің жұмыс тәжірибелерімен бөліскен медицинаның түрлі салалары кардиология, хирургия, урология, терапия т.б мамандықтардың қиындығымен ерекшеліктері туралы профессорлар О.М. Курмангалиев, Б.С. Жакиев, Г.А. Смагуловалар жан-жақты талдап студенттердің сан алуан сұрақтарына жауап берді, сонымен қатар кәсіби шебер маман болы үшін көбірек еңбектену керек екенін баса айтты. Танымдық шараны қорытындылаған «Қоғамдық-гуманитарлық пәндер» кафедрасының жетекшісі, т.ғ.к., доцент Ж.Т. Төлепбергени белсенді қатысқан студенттерді марапаттады.