«Үздік невролог» олимпиадасы
2022 жылдың 19 мамыры М.Оспанов атындағы БҚМУ неврология кафедрасы уиверситетіміздің 65 жылдығына арналған резиденттер арасында «Үздік невролог» олимпиадасын өткізді. Олимпиада екі кезеңнен тұрды: ситуациялық есепті шешу және викторина. Тапсырма арқадағы ауырсыну мәселесіне арналды, резиденттерге диагноз қою, талдаулар мен қосымша зерттеу әдістерінің деректерін түсіндіру, ажырату диагностика жүргізу және емдеуді тағайындау бойынша тапсырма берілді. Есепті шешу үшін Google forms платформасы пайдаланылды.
Викторина Kahoot қолданбасы арқылы қызықты түрде өтті. Клиникалық неврологияның өзекті тақырыптары бойынша 15 сұрақ дайындалды. Резиденттер сұрақтарға белсене жауап беріп, білімдері мен практикалық дайындықтарының жақсы деңгейін көрсетті. Жүлделі орындар келесідей бөлінді: бірінші орынды 2 курс резиденті Бержанова Еркеназ; екінші орынды 2 курс резиденттері Тұрғанбаева Қазына, Сүлейменова Гүлсая, Бекмурзаева Ақмарал, Сақтапберген Фариза бөлісті; үшінші орынды 2 курс резиденті Жұбан Ақбота иеленді. Ситуациялық есепті үздік шешкені үшін ынталандыру сыйлығын 1 курс резиденті Мулдашева Ботагөз алды. Олимпиада соңында ұстаздар, клиникалық тәлімгерлер және резиденттер өз пікірлері мен ізгі тілектерін білдірді.