Кәсіптік бағдар беру жұмысы
Ағымдағы 2022 жылдың сәуір және мамыр айында химиялық пәндер кафедрасы оқытушыларының Ақтөбе қаласының №№ 3, 4, 8, 19, 30, 33, 34, 50, 75 мектептер мұғалімдері және оқушыларымен кездесуі өтті. Бұл іс-шараны Марат Оспанов атындағы БҚМУ қабылдау комиссиясы мектеп оқушыларына болашақ мамандық және ЖОО таңдауда көмек көрсету мақсатында ұйымдастырды.
Кәсіптік бағдар беру жұмысы – бұл оқушының өзіндік таңдауын анықтауға бағытталған психологиялық педагогикалық шара кешені, сондықтан, ЖОО сайтында ақпарат беру сияқты заманауи технологиялармен қатар, қала мектептерінің 9-10-11 сыныптар оқушыларын баулуда – біздің болашақ талапкерлермен жүзбе-жүз сұхбаттасу маңызды рөл атқарады. Кәсіптік бағдар беру жұмысының психологиялық және педагогикалық міндеттерін шешуде пән оқытушылары маңызды рөл атқарады, өйткені ақпарат-кеңестік көмек беруден басқа оқушылардың биология мен химия пәндерінен деңгейін өзін-өзі дұрыс бағалауын қалыптастыруға септігін тигізеді. Бұл екі пән ҰБТ-ң 5 емтихан пәндерінің ішінде оқуға түсуге қажетті ұпайдың 60% құрайды.
Кездесу барысында оқушылар медициналық университетте оқудың ерекшеліктері мен мамандар даярлауда бағыттары, студенттік ғылыми және шығармашылық қоғамдар жұмысы, спорт секциялары, университеттің халықаралық байланыстары туралы білді.
Демографиядағы өзгерістер, кәсіптік білім беретін мекемелер арасындағы бәсекелестің өсуі университет қызметінің кәсіби бағдар беруде басты бағыттарын жетілдіре түсуін анықтайды. Кәсіптік бағдар беру жұмысы – бұл университет қызметінің ішінде қажетті бағыттардың бірі, өйткені білімі лайықты студенттерді тарту университеттің жоғары рейтингке ие болу, аймағымыз бен республикадағы мақсаттар мен миссияның орындалуынының кепілі.