Қоғамдағы жасөспірімдер, өту кезеңдері, ауытқулар және одан өту жолдары
2022 жылдың 24 мамыр күні М. Оспанов атындағы БҚМУ “Патологиялық физиология” кафедрасының жетекшісі; м.ғ.к Жексенова А. Н. және кафедра оқытушылары: Нұрымова Г.К.; Ауезова Д.С. ұйымдастырылуымен Әлімхан Ермеков атындағы №23 орта мектеп-лицейінде 8 сынып оқушылары үшін “Қоғамдағы жасөспірімдер, өту кезеңдері, ауытқулар және одан өту жолдары” тақырыбында дәріс оқытылды.
Дәріс мақсаты: Өмірлік циклдегі маңызды өтпелі кезеңдердің бірі болып табылатын жасөспірімдік кезеңнің маңызын, дұрыс өту жолдарын көрсетіп, туындайтын мәселелерге көңіл бөліп, оқушыларға қолдау көрсету. Жасөспірімдердің жоғары дәрежедегі психологиялық қызмет деңгейінің түрліше болатындығын ескеріп, жасөспірімнің дамуы мен ойлау қасиеттерін оның бүкіл өмір, өткен өмір кезеңдерде қалыптасқан заңдылығы ретінде қарастыра отырып, оқушылар арасында сауалнамалар жүргізілді.
Жасөспірімнің дамуында оның қоршаған ортасы алдыңғы орында тұратындығының маңыздылығын ұғындыру бойынша комплекс, буллинг тақырыптарында сөз қозғалды. Оқушылар дәріс барысында жасөспірімдік кезеңнің қыр-сырларын меңгеріп, өмірлік бағыт-бағдар ала алды.