Референдум – букіл халықтық науқан

Республика бойынша өткізі­летін референдум төңірегіндегі маңызды сұрақтарға жан-жақты жауап беру үшін, қоғамдық ой-пікір­ді талқылап-таразылау мақ­сатында республикалық қоғамдық штабтың мүшелері 26.05.2022ж. Марат Оспанов атындағы БҚМУ-нің ұжымымен кездесті. Конституциялық референдум өткізуге бір айдан аз уақыт қалды. Ел тарихындағы елеулі оқиғаға бейжай қарамай белсенді қатысу – әрбір азаматтың басты борышы. Себебі бұл – бүгінгі Қазақстанның ғана емес, келешек ұрпақтың тағдырына тікелей әсер ететін маңызды сәт.

– Халық өз тағдырын өзі шешетіндей бо­луы үшін, мемлекеттің ісін бар­лық өлшем бойынша халықтың өзі айқындайтын жағдай жасау үшін референдум өткізгелі отыр. 1995 жылдан бері референдум өткі­зілген емес. 27 жыл бойы.

Осы жылдардың ішінде референдум шақыратындай да жағдайлар болды. Төрт рет конституция өзгерді, бірақ барлығы парламент арқылы шешіліп келген еді. Енді үлкен өзгерістер болуына байланысты референдум қажет болып отыр.

Өйткені конституцияның 33 бабына яғни үштен бір бөлігіне өзгеріс енгізілмекші-дейді жиынға қатысқан медицина саласының ардагерлері. Оқу орнының үлкен ұжымы да азаматтық ұстаным танытуға ынталы.