Ғылыми кеңес отырысы өтті

27 мамыр, 2022ж. « М.Оспанов атындағы БҚМУ» КЕАҚ Ғылыми Кеңесінің отырысы болды.

Отырыста Наженов Айбек Е., әлеуметтік жұмыс пен жастар саясаты департаментінің басшысы, «Әлеуметтік жұмыс пен жастар саясаты департаментінің 2021-2022 оқу жылындағы жасаған жұмысы туралы» тақырыпта баяндама жасады.

Келесі кезекте Избасаров Н.Ж. , комплаенс-офицер, университеттің Комплаенс-қызметі жөнінде ақпарат тыңдалды.

Сонымен қатар кеңес отырысында Басқарма басшысы Ректордың міндетін атқарушы Эльнара Кереевна ғылыми кеңес мүшелері атынан:

– Университет ардагері Роза Сүйентайқызы Темірбаеваны 70-жылдық мерейтойымен құттықтады.

– О.Н. Уразаевқа «Медицина» мамандығы бойынша «Ассоциированный профессор» (доцент) дипломы табысталды;

– 2022 жылдың 1-тоқсанындағы ҚР, Ұлттық зияткерлік меншік институтының пайдалы моделінің Патенттері табысталды;

– «Медицина» мамандығы бойынша «Ассоциированный профессор» атағы берілу туралы м.ғ.к.Курманалина Г.Л. мен м.ғ.к. Дарибай Ж.Ж. кандидатуралары талқыланды.