Марат Оспанов атындағы БҚМУ педагогтары &Педагогикалық білім бойынша VIII Халықаралық Форумы
2022 жылы 25-27 мамырда Қазан федералды университетінде дәстүрлі түрде ресейлік және шетелдік жоғары оқу орындарының педагогикалық кадрларды даярлау саласының, ғылыми ұйымдардың, ғылыми-педагогикалық білім беру саласындағы үздік зерттеушілер, ғылыми зерттеушілердің басын қосатын IFTE-2022 (International Forum on Teacher Education) VIII Халықаралық педагогикалық білім беру форумы өтті.
IFTE форумы педагогикалық білім беру бойынша әлемдегі ең ірі мамандандырылған ғылыми платформалардың бірі болып табылады. Оның басты мақсаты – педагогтардың білім беру саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары мен инновацияларды насихаттау, оқу-тәрбие процесін жетілдіру мақсатында тәжірибе алмасу.ъ
Форум аясында 3 халықаралық конференция өткізілді:
- Психологиялық салауаттылық және оқытушы жұмысының тиімділігі.
2.Сovid-19 пандемиясымен байланысты сыналу мен педагогикалық білім беру.
- Зерттеуге бағытталған педагогикалық білім беру педагогикалық антропологияның феномені ретінде.
Осы Форумда Қазан қаласында (РФ) өткен «Сovid-19 пандемиясымен байланысты сыналу мен педагогикалық білім беру» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда біздің университетімізден психология кафедрасының доценті М.М. Книсарина және аға оқытушы Г.С. Жұмалиева белсенді қатысты. «Жеке тұлғаның әлеуметтік жауапкершілігі: заманауи университеттің рөлі» атты ғылыми баяндама IRN NoАР09058126 «Батыс Қазақстан университеттерінде кәсіби дайындық жағдайында студенттердің әлеуметтік жауапкершілігі» ғылыми жобасы аясында дайындалды.