ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК – ТҰЛҒАНЫҢ ӨЗІНДІК ЖЕТІЛУІ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ КЕПІЛІ

2022 жылдың 1-шілде күні психология кафедрасында Марат Оспанов атындағы ЗҚМУ 65 жыл мерейтойына байланысты оқытушылар мен студенттерге арналған «Қазіргі әлемдегі әлеуметтік жауапкершіліктің генезисі» тақырыбында оқыту семинары және «Мен – өз өмірім үшін жауаптымын!», «Әлеуметтік жауапкершілік – тұлғаның өзіндік жетілуі мен қалыптасуының кепілі» атты екі тренинг өткізілді.

Бұл іс-шаралар Марат Оспанов атындағы БҚМУ психология кафедрасында (ИРН AP09058126) «Батыс Қазақстанның жоғары оқу орындарында кәсіби даярлау жағдайында студенттердің әлеуметтік жауапкершілігі» тақырыбындағы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрилігінің ғылым Комитетімен қаржыландыруымен ғылыми-техникалық жобасын іске асыру шеңберінде 2022 жылға арналған күнтізбелік жоспарға сәйкес жүргізілді.

Семинар мен тренингтерді зерттеу тобының мүшелері Книсарина М.М., Жұмалиева Г.С., Макашева А.М. жүргізді. Шақырылған спикерлер: Мацюк Дмитрий Анатольевич, ф.ғ.к., Қ.Жұбанов атындағы АӨУ, Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының доценті; Сейтенова Салима Сагиновна, п.ғ.к., ассоц.профессор, Педагогика, психология және пәндік технологиялар кафедрасының жетекшісі, Баишев университеті; Нургалиев Нурбек Абибуллаевич, ф.ғ.к., Қ.Жұбанов атындағы АӨУ, Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының аға оқытушысы; Кумыспаев Самат Самидуллаевич, философия ғылымдарының магистрі, Марат Оспанов атындағы БҚМУ қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы; Шалманова Алия Бакитжановна, гуманитарлық ғылымдар магистрі, Ақтөбе облысының тарихи-өлкетану мұражайының ғылыми қызметкері.

Философия, әлеуметтану, саясаттану және педагогика тұрғысынан жеке тұлғаның әлеуметтік жауапкершілігінің генезисі мәселелері талқыланды. Әңгіме-сұхбат барысында белсенді, еркін бағытта білім беру жүйесіндегі әлеуметтік жауапкершіліктің ерекшеліктері ашылды.

Семинарды жоғары деңгейде өткізуге бейжай қарамай, белсенділік танытып, кәсіби көмек көрсетуге ниет білдіргені үшін алғыс ретінде барлық қонақтарға Алғыс хаттар табыс етілді.

Қуантарлық жайт – семинар осы тақырыптың ғылыми ұжымдарда өз орнын тапқанын білдірді, бұл кәсіби ынтымақтастықтың дамуы мен университеттер арасындағы достық байланыстың нығаюын көрсетеді.