«Сот-медициналық сараптама» мамандығы резидентура бағдарламасы бойынша семинар-сабақ

Марат Оспанов атындағы БҚМУ қалыпты және топографиялық анатомия кафедрасы мен «Тәуелсіз сот сараптамасы және мамандандырылған зерттеу одағы» арасында жасалған ынтамақтастық меморандумы шеңберінде одақ жетекшісі Акбарова Роза Амангелдіқызы «сот-медициналық сараптама» мамандығы бойынша 1 курс резиденттеріне (М.Өтесін, Қ.Мамбетов, Г.Смагулов және Х.Есқали) 27.06.2022-30.06.2022 ж. аралығында онлайн форматта семинар-сабақ өткізді.

Сонымен қатар, семинарға қалыпты және топографиялық анатомия мен оперативтік хирургия кафедрасының жетекшісі С.Б. Рахманов, Ақтөбе өңіраралық сот сараптамалар орталығының медициналық сұрақтар бойынша директор орынбасары Б.Б. Сагиндыков және резидентура бағдарламасы бойынша тәлімгерлер қатысты.

Сабақ жоспары:

  1. Азаматтық, әкімшілік және қылмыстық сот ісін жүргізудегі сот сараптамасының мүмкіндіктері;
  2. Сот сарапшысының кәсіби-психологиялық даярлығы;
  3. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік емес (жеке) сарапшылардың сот сараптамаларын тағайындау және жүргізу ерекшеліктері.

Семинар-сабақ үш күнге созылып, сот сараптамасындағы болатын мәселелер мен оларды шешудің құқықтық негіздері талқыланды. Семинар соңында резиденттер мен қатысушыларға сертификаттар берілді.