ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ: БОЛАШАҚ ИДЕЯДАН БАСТАЛАДЫ!
2022 жылдың 8 шілдесінде психология кафедрасында Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің 65 жылдығын мерекелеуге арналған халықаралық қатысумен «Жоғары білім беру жүйесінде білім алушылардың әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастырудың әдістемелік негіздері» тақырыбында семинар-тренинг (вебинар) өтті.
Бұл іс-шаралар Марат Оспанов атындағы БҚМУ психология кафедрасында (ИРН AP09058126) «Батыс Қазақстанның жоғары оқу орындарында кәсіби даярлау жағдайында студенттердің әлеуметтік жауапкершілігі» тақырыбындағы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің Ғылым комитетінің қаржыландыруымен ғылыми-техникалық жобасын іске асыру шеңберінде 2022 жылға арналған күнтізбелік жоспарға сәйкес жүргізілді.
Семинардың модераторлары: М.М. Книсарина, Г.С. Жұмалиева. Әр түрлі қалалар мен елдерден көрнекті ғалымдар мен оқытушылар шақырылды:
- Тенеряднова Светлана Павловна, п.ғ.к., М.А.Бонч-Бруевич атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік телекоммуникация университетінің шетел және орыс тілдері кафедрасының доценті, Санкт-Петербург, РФ;
- Сыздыкбаева Айгуль Джуманазаровна, PhD, ассоц.профессор, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің постдокторанты, Алматы, ҚР;
- Шұғаева Гүлшат Қоңыратқызы, п.ғ.к., Х.Досмухамедов атындағы Атырау университеті, психология және арнайы білім кафедрасының жетекшісі, Атырау, ҚР;
- Пугачёв Алексей Александрович, Ресей Федерациясының мемлекеттік Думасының Жастар Парламентінің мәдениет бойынша кеңес сарапшысы, П.И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының хор және симфониялық дирижерлік факультетінің студенті, Ресей Федерациясы Президентінің Әкімшілігінің дипломының иегері, Мәскеу, РФ;
- Васич Бибигуль Келесовна, п.ғ.к., ассоц.профессор, «Society for Academic Аctivity» Ассоциациясының атқарушы директоры Ниш, Сербия/Niš, Serbia;
- Бекенжан Жанилаш Бексиыковна п.ғ.м., профессор ассистенті, Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің педагогика кафедрасының жетекшісі, Актау, ҚР;
- Хабиева Дина Гарифоллиевна, п.ғ.к., «М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті» КеАҚ мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының жетекшісі, Орал, ҚР;
- Байкулова Айгерим Мейрхановна, PhD, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің постдокторанты, Алматы, ҚР;
- Шалманова Алия Бакитжановна, г.ғ.м., Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ғылыми қызметкері, Актобе, ҚР;
- Изтлеуова Саманта Шекернайқызы, п. мен п.м., С. Баишев атындағы университеттің “Педагогика, психология және пәндік технологиялар” кафедрасының аға оқытушысы, Ақтөбе, ҚР;
- Рамазанова Динара Жубанышевна, PhD, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Психологиялық-педагогикалық және арнайы білім беру» кафедрасының аға оқытушысы, Актобе, ҚР;
- Баядилова Шолпан Уринбасаровна, «№ 25 орта мектеп» КММ директоры, Ақтобе, ҚР;
- Касенова Айман Тенеловна, «№ 25 орта мектеп» КММ мұғалімі, Ақтобе, ҚР;
- Бекешова Гульмира Утегалиевна, п.ғ.м., Марат Оспанов атындағы БҚМУ, психология кафедрасының аға оқытушысы, Ақтобе, ҚР.
Құттықтау сөзінде ғылыми жұмыстар жөніндегі департамент жетекшісі м.ғ.к., доцент Баспақова Ақмарал Мұхамбетжанқызы біздің университетімізде оқудың артықшылықтарын атап өтіп, Марат Оспанов атындағы БҚМУ Ақтөбе облысын және бүкіл Батыс Қазақстан өңірін медициналық кадрлармен табысты қамтамасыз етіп келе жатқандығына 65 жыл толатынын атап өтті.
Білім алушының әлеуметтік жауапкершілігін арттыру, тұлғаны саналы түрде қалыптастыру үздіксіз процесі бола отырып, педагогикалық ұжым тарапынан да, қоғам тарапынан да ерекше жан-жақты қолдауды қажет етеді. Сондықтан семинардың мақсаты – заманауи университетте кәсіби дайындық жағдайында студенттердің әлеуметтік жауапкершілігін арттырудың психологиялық-педагогикалық шарттарын талқылау болды.
Семинар соңында Марат Оспанов атындағы БҚМУ басқарма төрағасы-ректорының міндетін атқарушы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Исмагулова Эльнара Керейқызы барлық шақырылған қонақтарға семинар жоғары деңгейде өтуіне ат салысқандары үшін, кәсіби көмек көрсетуге ниет білдіргендері үшін алғыс хаттарын табыс етті.
Ал, осы семинарда оқытушылар, ғалымдар, мектеп мұғалімдері осындай семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, кездесулер бірлесе өткізетін игі дәстүрге айналсын деп тілек білдіреміз. Өйткені, пікірталасқа қатысушылар санының осылайша көбеюі білім берудің өзекті мәселелерін әртүрлі көзқарас тұрғысынан талқылауға, іс-әрекеттерді үйлестіруге, тиімді шешімдерді таңдауға мүмкіндік береді.