«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ Медицина орталығының 3 кардиохирургиялық және 6 кардиологиялық төсек-орынды реанимация бөлімі меңгерушісінің бос лауазымына орналасуға хабарландыру

Бос орынның атауы: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ Медицина орталығының 3 кардиохирургиялық және 6 кардиологиялық төсек-орынды реанимация бөлімінің меңгерушісі.

 

Конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар: Медицина орталығының 3 кардиохирургиялық және 6 кардиологиялық төсек-орынды реанимация бөлімінің меңгерушісі лауазымына –

– клиникалық бөлімше үшін: жоғары медициналық білімі, мамандығы бойынша жоғары немесе бірінші біліктілік санаты, маман сертификаты бар, кемінде 5 жыл еңбек өтілі бар тұлға тағайындалады.

– клиникалық емес бөлімше үшін: жоғары кәсіби білімі (медициналық, гуманитарлық),  мамандығы бойынша жоғары немесе бірінші біліктілік санаты, маман сертификаты бар, мамандығы бойынша кемінде 5 жыл еңбек өтілі бар тұлға тағайындалады.

Функционалдық міндеттері:

Медицина орталығының 3 кардиохирургиялық және 6 кардиологиялық төсек-орынды реанимация бөлімінің меңгерушісі:

  • Орталықтың бөлімшесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқарады.
  • Емдеу-диагностикалық процесті заманауи деңгейде қамтамасыз ету үшін бөлімшенің жұмысын толық көлемде, уақтылы ұйымдастырады.
  • Бөлімшедегі есеп пен есептілікті басқарады. Бөлімшенің жұмысы туралы есепті белгіленген нысанда белгіленген мерзімде тапсырады. Бөлімше қызметінің көрсеткіштерін талдайды; талдау нәтижелері бойынша төсек қорын ұтымды пайдалануға, науқастарды тексеру мен емдеудің сапасы мен мерзімдерін жақсартуға бағытталған шаралар қабылдайды.
  • Клиника басшылығына пациенттер, олардың аурулары, емдеу-диагностикалық іс-шаралары, алғашқы талап бойынша аурудың болжамдары туралы қажетті ақпарат ұсынады.
  • Бейінді, аурудың ағымын, оқу процесінің жоспарын ескере отырып, науқастарды бөлімшеге жоспарлы және шұғыл ауруханаға жатқызуды қамтамасыз етеді. Емханаға жатқызу комиссиясының жұмысына қатысады.
  • Бөлімшедегі әр науқасты:
  • бөлімшеге түскен әр пациентті бір күннен кешіктірмей уақытында тексеру;
  • аптасына кемінде бір рет бөлімшеге тексеру өткізу;
  • бөлімшеде профессор, доцент, аға ғылыми қызметкердің тексеру жүргізу ген кездерінде бірге қатысуы;
  • ауыр науқастарды жүйелі түрде тексеру;
  • бөлімшеде ұзақ уақыт жатқан науқастарды бақылау арқылы тексеру мен емдеудің дұрыстығы мен уақтылығын қамтамасыз етеді және бақылайды.

7)Пациенттерді шығару және ауыстыру мәселелерін дербес немесе профессормен, доцентпен келісе отырып шешеді, шығарылған құжаттарды рәсімдеудің дұрыстығы мен уақтылығын бақылайды, оларға қол қояды.

8) Бөлімше дәрігерлеріне диагностикалау және емдеу бойынша кеңес береді, емдеу-диагностикалық процедураларды орындауға қатысады, кеңес алу үшін аға мамандарды немесе басқа мамандықтардың дәрігерлерін тартады.

9) Бақылауда ұстайтын мәселелер:

  • бөлімшедегі медициналық құжаттарды жүргізудің дұрыстығын;
  • шығарудың, дәрі-дәрмектерді, соның ішінде қымбат, күшті әсер ететін есірткілерді, спиртті, таңу материалдарын қабылдаудың, сақтаудың, қолданудың; есепке алу журналына қол қоюдың дұрыстығын;
  • пациенттерді тамақтандыру мәселелерін: диета тағайындаудың дұрыстығын, бөлімшеге дайын тамақ пен құрғақ рационды жеткізу сапасы мен уақтылығын, тасымалдаудың дұрыстығын, науқастарды тамақтандыруды ұйымдастыруды;
  • санитарлық және эпидемияға қарсы режимді орындауды;
  • қызметкерлердің жекелеген топтарын кәсіптік аурудың немесе инфекцияның болуына уақытында тексеруді; ауруханаішілік инфекцияның пайда болуына ы0пал еткен себептерді жою бойынша шаралар қабылдауды;
  • қызметкерлердің, пациенттердің, олардың туыстарының клиниканың ішкі ережелерін сақтауын;
  • бөлімше қызметкерлерінің емдеу процесіне қатысуын;
  • дәрігерлердің, мейірбикелердің, санитар әйелдің және бөлімшенің басқа қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындау кезіндегі жұмысын;
  • ауру парағын алу, есепке алу, қозғалысы, дұрыстығын жүйелі бақылайды.
  • Емдеу жұмысын тиісті көлемде тікелей жүзеге асырады: пациенттерді басқару, клиникада міндеттерді орындау.
  • Емдеу-диагностикалық процесті (консилиум, консультация, жиналыс) ұйымдастыру қажет болған жағдайда, әкімшіліктің, бөлімше дәрігерінің немесе клиникадағы кезекші дәрігердің шақыруы бойынша бөлімге жұмыс уақытынан тыс уақытта келеді.
  • Клиниканың ӨӘКЗ жұмысына, Медицина орталығының клиникалық-анатомиялық және басқа конференцияларына өзі қатысады және бөлімше дәрігерлерінің қатысуын қамтамасыз етеді.
  • Бөлімшенің төтенше жағдайларда жұмысқа дайындығын қамтамасыз етеді, оны басқарады. Клиника басшылығына барлық оқиғалар мен қабылданған шаралар туралы уақытылы хабарлайды.
  • Пациенттердің, олардың туыстарының, бөлімше қызметкерлерінің шағымдарын қарайды, шағымдарды тудырған себептерді жою бойынша шаралар қабылдайды; жүйелі түрде шағымдар кітабын тексеріп, қол қояды.
  • Кадрлармен жұмысты жүзеге асырады:
  • емхана әкімшілігімен бірлесе отырып кадрларды іріктеуге қатысады; олардың ұтымды орналасуын және қозғалысын жасайды;
  • лауазымдық нұсқаулыққа, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес қызметкерлерге өздерінің еңбек міндеттерін орындауға жағдай жасайды;
  • кестелерді құру мен жүргізудің дұрыстығын бақылайды;
  • жоғары тұрған лауазымды тұлғалардың бұйрықтары мен өкімдерін оларға қатысты бөлігінде қызметкерлердің назарына уақытында жеткізеді, олардың орындалуын бақылайды.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттардың тізбесі:

1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) жоғары білімі және (немесе) академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;

3) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттар көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;

4) маман сертификаты/ клиникалық қызметке жіберу және құрылымдық бөлімшенің бейіні бойынша дәрігерлік санат сертификатының болуы;

5) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда). Университеттің жұмыскерлері үшін ғылыми еңбектерді ғылым хатшы растайды;

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/у нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген “Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру” мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген “Наркологиялық ұйымнан анықтама беру” мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;

10) Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне, тілдерді білуіне (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар, сертификаттар, дипломдар және т.б.) қатысты қосымша ақпарат беруге құқылы.

11) Университетте жұмыс жасайтын жұмыскерлер жоғары тұрған басшылықтың мінездемесін қоса береді.

12) Түйіндеме.

13) Файлдық папка 20 бет.

Жарияланған күні: 1 тамыз 2022 жыл.

Құжаттарды хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде ұсыну қажет.

Құжаттар мына мекенжайда қабылданады: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ, Қазақстан Республикасы, 030019, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 68., Бас ғимарат, 105 кабинет. Тел.: +7 (7132) 54-69-25

e-mail:hr@zkmu.edu.kz