Психология кафедрасында оқу жылының жемісті басталуы

Психология кафедрасында 05.09.2022 – 09.09.2022жж. аралығында кіріс академиялық ұтқырлықты психология ғылымдарының кандидаты, Ташкент мемлекеттік стоматологиялық институтының медициналық-педагогикалық, емдік және дәстүрлі медицина факультеті деканының орынбасары Сирожиддинова Зухра Мукарамқызы жүзеге асырды.

Зухра Мукарамқызы «Педиатрия» мамандығының 101-103-ші топтар студенттеріне «Психология» пәнінен және «Стоматология» мамандығының 1 курс және «Фармация» мамандығының 2 курс студенттеріне «Коммуникативті дағдылар» пәнінен дәріс оқыды. Сондай-ақ «Психология» пәні бойынша «Педиатрия» мамандығының 104-ші топ студенттеріне практикалық сабақтар өткізілді.

Кафедрада оқытушылары арасында педагогикалық тәжірибе алмасу мақсатында «Қазіргі заманғы университетте медициналық емес пәндерді оқытудағы инновациялық технологиялар» тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді.

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті мен Ташкент мемлекеттік стоматологиялық институтының кафедралары арасындағы ғылыми және академиялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін бірлескен семинарлар, вебинарлар, конференциялар, ғылыми жобалардың мүмкіндіктері мен жолдары талқыланды.