Халықаралық тренинг-семинар
2022 ж.12-16 қыркүйек аралығында университеттіміздің өкілдері – (Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау» кафедрасының жетекшісі Л.С. Ермуханова және «Дәлелді медицина мен ғылыми менеджмент» кафедрасының доценті Н.У. Алекенова ҚР БҒМ “Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін бағалау және әсерін талдау технологиялары. Халықаралық деңгейдегі салыстырмалы талдау ” жобасы аясында халықаралық тренинг-семинарына қатысты (Алматы қ.).
Жоба үйлестірушілері – Ләззат Көшербаева, Айжан Самамбаева және Иоланда Пенья – мамандар арасында денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін бағалау тәсілдерін тарату, өңірлік салааралық теңгерімді құру және Қазақстандағы денсаулық сақтау секторының маңыздылығын талдау және басқа елдермен салыстыра отыра оқыту өткізді. Сондай-ақ, қатысушыларды ДС тиімділігін бағалау индикаторларымен таныстырды, онда емделетін және алдын алуға болатын өлім-жітім көрсеткіштеріне, олардың шетелде және республикада практикада қолданылуына ерекше назар аударылды.
Алынған білім магистратура мен докторантураның білім беру қызметіне, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге ықпал етеді.