Мұражайға жәдігерлер тапсырылды

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің 65 – жылдығына орай гистология кафедрасының жетекшісі Көмекбай Жанат Есқарақызының ұсынысымен ҚР МҒА академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Умбетов Тұрақбай Жетенұлының жеке заттардан тұратын құнды жәдігерлерін Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің мұражайына тапсырылды.

Мұражай жетекшісі Сейтжанова Гаухар Маралова мен фондты сақтаушы Сарсенбаева Гүлім Акмаловна университетіміздің мұражайы құнды тарихи жәдігерлермен толығып жатқанына ризашылық айтып, қабылдап алды.

Гистология кафедрасының бұл акциясы университеттің басқа бөлімшелерін мұражай қорын толықтыруға итермелейді деп үміттенеміз. Өйткені, мұражай құндыылықтарды сақтау мен экспонаттауды ғана емес, сонымен қатар насихаттық және педагогикалық рөл атқарады.