Басқарма төрағасы-ректордың студенттік жастармен алғашқы кездесуі

11.10.22 жылы басқарма төрағасы-ректор Әсет Әскерұлы Қалиевтің Студенттік парламент көшбасшыларымен алғашқы кездесуі өтті. Кездесу аясында студенттер өз ұйымдарын таныстырып, өз жұмыстары туралы айтып берді. Әңгімелесу барысында ректор студенттердің жатақханалардағы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары, оқу корпустары мен жатақханалардың қауіпсіздігі туралы толғандыратын сұрақтарын тыңдады.

Жастар ғылыми қоғамының жетекшісі А.Битегенова ғылыми үйірмелердің қызметі туралы, университеттің ғылыми қызметін жақсарту бойынша бірқатар идеяларды айтты. Әсет Әскерұлы сонымен қатар келесі жылы «Ospanov-TOP student’s» лагерін өткізу бастамасын да қолдады. “MedStars” шығармашылық ұжымының жетекшісі Довлетова Амангүл дыбыс жазу студиясының ашылуын ұсынды және шығармашылық ұжымдар туралы ағымдағы жағдай айтылды.

Сондай-ақ, ректор футболдан жарыс өткізу және университет құрамасын құру бастамасын қолдады. Белсенді студент Саду Кәрімжанның парламентпен келесі кездесу туралы ұсынысына Әсет Әскерұлы кездесулер, кем дегенде, тоқсанына бір рет және қажет болған жағдайда өткізілетініне сендірді.

Басқарма төрағасы-ректор әңгімелесу барысында студенттерге университеттің дамуына барлығы, атап айтқанда белсенділер де қатысатыны туралы нұсқау берді. Өзінің ғылыми идеяларын жүзеге асыра алатын, өзінің шығармашылық немесе спорттық әлеуетін іске асыра алатын үздік студенттер үшін жасыл дәліз құру жоспарлануда. Іс-шараға басқарма мүшелері, декандар және департамент басшылары қатысты.