Әлеуметтік жауапкершілік туралы халықаралық семинар

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің 65 жылдығын мерекелеу қарсаңында психология кафедрасы барлық ниет білдірген оқытушылар, мұғалімдер, білім алушыларға ранлаған халықаралық қатысуымен «Білім беру және медицина ұйымдары қызметкерлерінің стресске қарсы тұра алуы мен жеңе білуін арттыру негізінде әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру» тақырыбында семинар-тренинг (вебинар) ұйымдастырып, өткізілді. Іс-шара Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің гранты есебінен қаржыландырылатын «Батыс Қазақстан университеттерінде кәсіби дайындық жағдайында студенттердің әлеуметтік жауапкершілігі» (ЖТН №АР09058126) ғылыми жобасы аясында жоспарланып жүзеге асырылды.

Қазақстанның әртүрлі қалаларынан және әртүрлі университеттер мен басқа да білім беру ұйымдарының өкілдері болып табылатын семинар спикерлерінің тамаша құрамы таң қалдырады (Сыздыкбаева Айгуль Джуманазаровна, PhD, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің педагогика және психология институтының асс.профессоры. Алматы қ.; Жексенова Ажар Николаевна, м.ғ.к., Марат Оспанов атындағы БҚМУ, патфизиология кафедрасының жетекшісі. Ақтөбе қ.) және басқа да елдерден (Гарбер Алена Ильинична (Dr. Alena Garber), PhD, Reinhardshöhe“ оңалту клиникасының психологы, асс.профессор. Гессен, Германия; Тенеряднова Светлана Павловна, к.п.н., М.А.Бонч-Бруевич атындағы СПбГУТ шетел және орыс тілдері кафедрасының доценті, Санкт-Петербург, Россия; Сирожиддинова Зухра Мукарамовна, пс.ғ.к., ТашМСИ, медико-педагогикалық, емдік және халық медицина декананының орынбасары, кафедраның аға оқытушысы, Ташкент, Узбекистан).

Қонақ ретінде Ақтобе, Алматы, Ақтау қалаларының жетекші профессорлары, мектеп директорлары мен педагогтар шақырылды. Олар: Туребаева К.Ж. Қ.Жұбанов ат. Ақтөбе өңірлік университетінің психолого-педагогикалық және арнайы білім беру кафедрасының жетекшісі, п.ғ.д.; Бахтиярова Г.Р. Қ.Жұбанов ат. Ақтөбе өңірлік университетінің мектепке дейін және кіші мектеп педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының жетекшісі, п.ғ.к.; Сейтенова С.С. Баишев униеврситетінің ассоциациаланған профессоры, п.ғ.к..; Төлепбергени Ж.Т. М.Оспанов ат. БҚМУ, қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының жетекшісі; Шагырбаева М.Д. Ш. Есенов ат. технология мен инжиниринг Каспий университеті, педагогика кафедрасының жетекшісі, доцент м.а. п.ғ.; Абдуллаева П.Т. PhD, Ш. Есенов ат. технология мен инжиниринг Каспий университеті, п.к.д. м.а.; Байкулова А.М. PhD, Абай ат. ҚазҰПУ постдокторанты; Баймагамбетова А.А. «№28 орта мектеп» ММ директоры; Латып А.Т. «№64 орта мектеп» ММ директоры; Куштаев А.Т. «№13 орта мектеп» ММ директоры; Естлеуова А.С. «№12 орта мектеп» ММ директоры; Бисекова Г.Д. М.Оспанов ат. БҚМУ, әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты департаментінің әлеуметтік-психологиялық қолдау бөлімінің жетекшісі; Кушекбаева Ф.А. «№6 орта мектеп» ҚМУ оқу ісін меңгерушісі.

Университет басшылығы (А.М. Баспақова) және семинар модераторлары (А.И. Миралеева, М.М. Книсарина, А.Т. Сисенова, Г.С. Жұмалиева, А.Б. Кушекбаева) барлық баяндамашыларға, қонақтарға және семинар қатысушыларына осы іс-шараға шынайы қызығушылық танытқаны үшін, сондай-ақ ғылыми және шығармашылық тұрғыда ынтымақтастыққа ниет білдіргені үшін шексіз алғысын білдірді! Бейбіт аспан, зор денсаулық, бақ-дәулет пен бақытты өмір тілей отырып, баршаға Марат Оспанов атындағы БҚМУ Кеңесінің-Төрағасы Ректор, медицина ғылымдарының докторы, профессор А.А. Қалиев атынан Алғыс хаттар мен семинарға қатысқаны үшін сертификаттар табысталды!