25 қазан – Республика күні ұлттық мерекеміз тойлануда
25 қазан – Республика күніне орай тілдер кафедрасының жетекшісі, пед.ғыл., к., доцент Мустояпова А.С. ұйымдастыруымен мерекелік шаралар өткізілуде. 19 қазан күні «Жасай бер, жаңара бер, жаңа Қазақстан!» мерекелік кешітер, диктант жазу, эссе жазу байқаулары өткізіледі.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұсынысымен ЖОО арасындағы «Атамекен» тақырыбында диктант жазу байқауы 13 қазанда Тілдер кафедрасы студенттер арасында өткізді. Диктант жазу байқауына «Жалпы медицина», «Стоматология» мамандығының 1-2 курс студенттері, барлығы 60-тан жоғары студент қатысты. Кафедрада құрылған әділ қазылар тобы Абдуллина Л.Н., Сәбитбекова М.М., Қожабекова Ж.К., Молдашева Л.Ж., Байтақова М.К. жеңімпаздарды анықтады. Диктанттағы орфографиялық, пунктуациялық қателер тексеріліп, жазуы мен каллиграфиясына мән берілді.
Байқаудың үздіктері қатарындағы студенттер анықталды:
Қосай Нұрай – «Стоматология», 109 топ
Кобенова Акмарал – «Жалпы медицина», 211 топ
Мауытбай Олжас – «Жалпы медицина», 211 топ
Орынбасар Ләззат – «Стоматология», 103 топ
Тойлыбайұлы Еркебұлан – «Стоматология», 103 топ
Кенжебекқызы Дариға – «Стоматология», 103 топ
Асқарова Асылжан – «Жалпы медицина», 221а
Максатова Эльнара – «Жалпы медицина», 205а
Ұлттық мереке ретінде тойланып жатқан Республика күніне арналған меркелік шаралар мен байқаулар қорытындысы жарияланып отыратын болады.
Мереке құтты болсын, ел іргесі берік болсын!