ЖОО ішілік конкурстың 1 кезеңі бойынша нәтижелер
2022 жылғы 30 қыркүйекте “Марат Оспанов атындағы БҚМУ” КеАҚ-ның өз қаражаты есебінен қаржыландырылатын ғылыми зерттеу жұмыстарын гранттық қаржыландыру байқауы бойынша өтінімдерді қабылдау аяқталды. Барлығы 9 өтінім берілді. 2022 жылғы 30 қыркүйек пен 14 қазан аралығында өткен техникалық сараптама нәтижелері бойынша (1 кезең) келесі жобалар тәуелсіз рецензиялауға өтті (2 кезең):
- «Қазақстан Республикасындағы қарттарды үйде күтетін тұлғаларды кешенді бағалау».
- «Хром мен γ-сәулеленудің оқшауланған және біріктірілген әсерлері кезінде егеуқұйрықтардағы, олардың ұрпақтарының репродуктивті қызметінің уытты әсерін түзету».
- «Биосинтетикалық белсенділік пен өнімділікті арттыру мақсатында микроскопиялық саңырауқұлақтар негізінде протеаза ферментін алудың ғылыми негізін әзірлеу».
- «Ми инфарктісі бар науқастарда мидың зақымдануындағы қан-ми тосқауылының дисфункциясының болжамды маңыздылығы».
- «Қазақстан Республикасының Батыс өңірінің балалаларының элементтік статусы».
- «Коронавирусты инфекциямен ауырған балалардың жүрек- қан тамыр жүйесінің клиникалық – функционалдық көрсеткіштері және кешенді түзету іс-шараларын құрастыру».
- «Эндотелий гликокаликсін зерттеу негізінде ауыр жарақаттық зақымдануы бар науқастарда аурудың нәтижелерін ерте болжаудың заманауи ғылыми стратегияларын әзірлеу».
- «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде дербес мейіргерлік қабылдаудың нәтижелілігін зерттеу».