Жылу маусымы мерзімнен бұрын басталды
Қала бойынша жаппай жылумен қамту қазан айының 15-нен басталады. Соған қарамастан күз салқыны оқытушылық-профессорлық құрам мен студенттердің қалыпты жұмыс ырғағына кері әсерін тигізбейтіндей етіп, 2022-2023 оқу жылындағы жылу беру маусымы әдеттегіден ерте, қазан айының 1-нен басталды. Техникалық мамандар мен жұмысшылардың тыңғылықты іс-қимылдарының нәтижесінде университеттің оқу ғимараттарына, жатақханаларына және клиникалық базаларына тегістей жылу беру мерзімнен бұрын басталды.
Ірі жылу магистралының бұрандалары, темір құбырлары ауыстырылып, жылу батареялары, жылу айдайтын насос, су құбырлары, электр қуатының сымдары жаңартылып, ауыстаралды. Тиісті монтаждау мен дәнекерлеу жұмыстары атқарылды. Нәтижесінде үлкен ұжымның жұмыс жасауына қолайлы жағдай жасалып, бұған ұжым мүшелері де разылықтарын білдірді.