«Морфология лабораториясындағы» мастер-класс

2022 жылдың 15 қазан айында Марат Оспанов атындағы БҚМУ гистология кафедрасының «Морфологиялық лабораториясында» м.ғ.к. Ж.Е. Көмекбай жетекшілігімен коммерциализация мақсатында 2 сағаттық шеберлік класы өткізілді.

 

Мастер класта жалпы микропрепаратты дайындаудың әдістері, техникасы, ережесі жөнінде презезентация жасалып, тәжірибелік дағды арқылы көрсетілді.

Мастер-класс соңында кафедра жетекшісі, м.ғ.к. Ж.Е. Көмекбай сертификат табыстап, ары қарай «Морфологиялық лабораторияда» ғылыми жұмыс жасау үшін таптырмас құнды құжат екендігін атап айтты.