Гүлдене бер, жаңа Қазақстан!

2022 жылдың 19 қазанда тілдер кафедрасында Қазақстан Республикасы күніне арналған «Гүлдене бер, жаңа Қазақстан!» атты тәрбиелік іс-шара өткізілді. Аталған іс-шараны оқытушылар Майкупова Р.Н. мен Сапахова Ж.А. «Жалпы медицина» факультетінің 229 және 230 АБ шетелдік топтарында ұйымдастырды.

Шараның мақсаты – студенттердің Қазақстан Республикасы туралы білімдерін байыту, олар оқитын елдің тарихына қызығушылықтарын дамыту.

Шара сәлемдесуден және ҚР гимнін орындаудан басталды. Кездесуге келген барлық қонақтар мен қатысушыларға 25 қазан – Республика күнін мерекелеу туралы ресми мәлімделген бейнеролик көрсетілді.

Студенттер табиғат сұлулығы, климаты, таулары, Қазақстанның көркем жерлері туралы әңгіме құрды. Сондай-ақ, орыс тілінде шексіз кеңістік, кең жайлау, қаҺармандар мен Қазақстанның кең жерінің батырлары туралы өлеңдер оқыды. Самиуддин, Шахзарин, Нусейба «Мы желаем счастья вам!» әнін орындап берді.

«Қазақстанды білесің бе?» атты викторина ерекше қызығушылық тудырды. Ол слайдтарда Мемлекеттік рәміздер: Елтаңба, Ту, сондай-ақ ҚР картасы, Астана, қызғалдақтар бейнеленген. Студенттер сұрақтарға дұрыс жауап беріп, жауаптарына түсініктеме берді.

Студент Зишан Раза өзінің «Менің Отаным – Үндістан» атты бейнебаянында Үндістанның өмірін, мәдениетін, тарихи орындарын, сол ұлттың дәстүрлерімен таныстырды. Студент Даниш фотосуреттерді көрсетіп, үлкен және тату отбасы туралы әңгімелеп берді, сонымен қатар курстастарына өз ризашылығын білдірді және арнайы өлеңді ана тілінде оқып берді.

Кездесу соңында барлық студенттер «Әрқашан күн сөнбесін!» әнін орындады. Кездесу жылы және достық жағдайда өтті. Студенттер екінші Отаны – Қазақстанға деген сүйіспеншілікке, мақтаныш сезіміне толы болды!