Жаңа екпелерді отырғызу – игі іс!

Марат Оспанов атындағы “БҚМУ” КЕАҚ Медициналық орталығының аумағында 2022 жылғы 21 қазанда қараусыз қалған іргелес аумақты көгалдандыру жүргізілді. 2000-нан астам түрлі ағаштардың көшеттері отырғызылды: пирамида теректері, үйеңкі, қарағаш, долана және т. б. Ағаш отырғызуды ұйымдастыруға алдын-ала дайындық жұмыстары жүргізілді.

Аумақ әр кафедраның қызметкерлері мен медициналық орталықтың медицина қызметкерлері көгалдандыруға лайықты үлес қоса алатын учаскелерге бөлінген. Алдағы көктемде медициналық орталықтың іргелес аумақтарының аллеяларында келушілер мен пациенттерге арналған тротуарлар салынады.

Жасыл желектер эстетикалық ләззат, жайлылық, аумақтың микроклиматын жақсарту, пациенттер мен келушілердің ашық ауада демалуын қамтамасыз етеді – мұның бәрі қолайлы әсер етеді.

Бұл Марат Оспанов атындағы “БҚМУ” КЕАҚ-ның алдағы Республика күні ұлттық мерекесіне орай өзіндік үлесі.