«Жасай бер, жаңа Қазақстан!»

25 қазан Республика күніне арналған тілдер кафедрасының оқытушылары мен студенттері танымдық, мерекелік іс-шаралар ұйымдастырып өткізуде. 2022 жылдың 19 қазанында Тілдер кафедрасының оқытушылары Акиева А.С., Егізбаева Л.Е. және Нұрсейітова Б.У. Қазақстан Республикасы мерекесіне арналған «Жасай бер, жаңа Қазақстан!» атты мерекелік іс-шара өткізді.

Қонақтардың назарына музыкалық нөмірлер ұсынылды: патриоттық әндер, ұлттық билер, еңселі елімізге арналған өлеңдер шырқалды. Қазақ күйлерінің домбыра мен қобызда виртуоздық орындалуы кеш қонақтарының көңілінен шығып, үлкен әсер қалдырды.

«Жалпы медицина» факультетінің деканы Абилов Т.С., профессорлық-оқытушылар құрамы, тілдер кафедрасының жетекшісі Мустояпова А.С. студенттерді патриоттыққа тәрбиелеуде еліміздің егемендігін қастерлеп, оны әрі қарай дамыту мақсатында осындай іс-шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Шараға «Жалпы медицина», «Педиатрия», Қоғамдық денсаулық сақтау факультеттерінің 1 курс студенттері қатысты.