Тұңғыш Президент қоры шәкіртақысының иегері

2022 жылы, қазан айының аяғында Алматы қаласында Нұрсұлтан Назарбаев қорының шәкіртақылар республикалық байқауының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Шәкіртақы сертификатын тапсыру рәсімі «ЖасSTAR» атты шығармашыл жастардың халықаралық фестивалі аясында өтті.

Аталған шәкіртақыға оқу үлгерімі жоғары, сонымен қатар әртүрлі жобаларға, конференцияларға, конкурстық форумдарға, байқауларға белсенді қатысып жүрген студенттер ие болады. Қазақстанның әр түрлі жоғары оқу орындарынан 80 студент жеңімпаз деп танылды. Біздің университетімізден бұл құрметке «Стоматология» мамандығының 304-топ студенті – Амиржанов Ислам ие болды.

Амиржанов Ислам, байқау талаптарына сәйкес, 2-курсты сәтті аяқтаған, оқу үлгерімі жоғары, көптеген дәрежелері бар: дипломдар, мақтау қағаздары, сертификаттар.

Атай кетсек, 2022 жылы Ислам Марат Оспанов атындағы БҚМУ-дың 65-жылдығына арналған ғылыми конференцияға қатысып, 2-орынды иеленді; А.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің ұйымдастыруымен өткен «Жеңіс жаңғырығы. Соғыссыз әлем» атты республикалық бейнебаян байқауында жеңімпаз атанды; жас ғалымдар арасындағы «Медицина және тіл» ғылыми конференциясына қатысып, 1-орынды иеленді.Исламды осындай жоғары дәрежемен құттықтап, оқуына одан әрі толағай табыстар тілейміз!