Академиялық ұтқырлық аясындағы серіктестік
2022 жылдың 31 қазаны мен 4 қарашасы аралығында психология кафедрасының жетекшісі, м.ғ.к. Миралеева А.И. академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Ташкент мемлекеттік стоматологиялық институтының (ТашСМИ) студенттеріне онлайн режимінде дәрістер мен практикалық сабақтар топтамасын жүргізді. Сонымен, №3 терапиялық бағыттағы пәндер кафедрасында «Стоматология» факультетінің 4 курс студенттеріне және «Жалпы медицина» факультетінің 3 курс студенттеріне, сондай-ақ өзбек тілі және педагогика кафедрасында стоматология мамандығының 2 курс студенттеріне арналған «Дәрігердің коммуникативті құзыреті. Медициналық көмек көрсету сапасын арттырудағы коммуникативті құзыреттілік рөлі», «Базалық коммуникативті дағдылар. Белсенді тыңдау», «Вербальды және вербалды емес коммуникация. Эмпатия. Эмоционалды интеллект», «Паллиативтік көмек көрсетудегі коммуникациялық дағдылар. Қайғылы жаңалықтарды хабарлау», «Комплаенс. Классификациясы. Комплаенсты жақсарту жолдары. Медициналық ұйымдардағы қақтығыстар» тақырыптарында дәрістер оқылды.
Тәжірибелік сабақтарда «дәрігер мен науқас» қарым-қатынас дағдылары іс-жүзінде орын алды. ТашГСИ №3 терапиялық бағыттағы пәндер кафедрасының жетекшісі, м.ғ.д Султанов Шахрух Хабибуллаевич пен өзбек тілі және педагогика кафедрасының жетекшісі, п.ғ.к., доцент Акрамова Лола Юнусовна дәрігердің кәсіби құзыреттілігі үшін коммуникативті дағдылардың өзектілігі мен маңыздылығын атап өтіп, А.И. Миралееваға алғыстарын білдіріп, біздің университетпен кәсіби ынтымақтастықты жалғастыруға үміті бар екенін атап өтті.