«The Role of research in high school» эссе байқауы
2022 жылдың 7 қараша күні тілдер кафедрасында, ағылшын тілі оқытушылары Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің 65-жылдығына орай «The Role of research in high school» атты университет білім алушылар арасында эссе байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаты – эссе құрылымына сай талаптарды орындай отырып, білім алушылардың ойын жазбаша түрде жеткізу және өз бетімен шығармашылық ойлау дағдыларын дамыту, жоғары оқу орнындағы зерттеудің рөлі туралы дәріптеу, өз ойын дәл және сауатты жеткізуге үйрету болды. Эссе байқауына жалпы медицина факультетінің 1 курс студенттері (24) қатысты.
Эссе байқауының қорытындысы бойынша, үздік эсселердің авторлары:
1 орын – Изберген Инабат (Жалпы медицина, 103-топ студенті)
2 орын – Тулегенов Дамир (Жалпы медицина, 124-топ студенті)
3 орын – Қанжарбай Аружан (Педиатрия, 104-топ студенті)
Барлық қатысушылар алғыс хатпен марапатталды.