Студенттерге арналған қарапайым ережелер

Құрметті Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің студенттері, соның ішінде, бірінші курста оқыйтын студенттер!

Біздің Alma mater-дің қабырғасында өзін қалай ұстау керектігі туралы бірнеше кеңестер мен ережелер:

  1. Университетке әдепті және ұқыпты киіну керек – есіңізде болсын: Сіз кешке, концертке немесе спортзалға емес, оқуға келдіңіз!
  2. Мұқият және сыпайы болыңыз. Егер алдыңғы есіктерде көп адам жиналып қалса, алдымен жастар – үлкендерді, ерлер – әйелдерді өткізіп жіберіңіз.
  3. Ғимаратқа кірген кезде ер адамдар кез-келген бас киімді дереу шешуі керек (бөріктерден, бейсболкаларға дейін), бірақ дәрісхана есігінде емес. Сыртқы киімді үнемі гардеробқа тапсыру керек – осы ережені ұстануға тырысыңыз.
  4. Әрі қарай, сөйлеуіңізді қадағалаңыз. Оқытушылармен қылжақтамаңыз, жаргон сөздерден аулақ болуға тырысыңыз және паразиттік сөздерден арылыңыз.
  5. Сабаққа кешікпеңіз – мұғалімнен бұрын келіңіз, ол келген кезде міндет түрде тұру қажет. Егер Сіз кешігіп қалсаңыз: есікті қағыңыз, абайлап ашыңыз, сәлемдесіп, кешірім сұраңыз және кіруге рұқсат сұраңыз. Рұқсат алғаннан кейін, өзіңізге назар аудартмай, бос орынды тыныш, тезірек алыңыз. Бұл жағдайдағы әдепсздіктің жоғарғы белгісі – қатысушылардың біреуімен (әсіресе қол алысып) сәлемдесу.
  6. Аудиторияға кірмес бұрын, ұялы байланыс құралдарының дыбысын өшіріңіз – бұл халықаралық этикет ережесі.
  7. Егер Сіз сұрақ қойғыңыз келсе, немесе мұғалімнен бірдеңе сұрағыңыз келсе – жақсы ескі әдісті қолданыңыз – қолыңызды көтеріңіз.
  8. Есіңізде болсын: мұғалім өзіне де, топқа да жұмыс істеуге кедергі келтіретін, кез келген тәртіп бұзылушылық үшін Сізді сабақтан шығаруға құқылы. Бұл жағдайда қарсыласпай, мойынсұну керек. Егер Сіз «мұғалімдікі дұрыс емес» – деп ойласаңыз да, жағдайды ушықтырмаңыз – сабақтан кейін онымен сыпайы түрде түсінісуге тырысыңыз.
  9. Қоқысты тастамаңыз, бұл үшін урналар бар. Аяқ астына түкіріп, сағызды кез келген жерге жапсырмаңыз, кәмпит қағаздарын жәшіктің жанынан лақтыру – мәдениетсіздіктің шыңы!
  10. Оқу аудиторияларында, жатақханаларда жиһазды сақтаңыз.
  11. Сіз өзіңіздің барлық романтикалық сезімдеріңізді көрсетпеуіңіз керек (құшақтасу,сүйісу) – бұл басқаларға деген құрметсіздік, кейде басқа адамдардың сезімдерін қорлау ретінде қабылданады!
  1. Мына әрекеттерге ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ: университет аумағында, оның барлық ғимараттарында темекі шегуге және алкогольдік ішімдіктерді ішуге; сондай-ақ әкімшілік өткізетін іс-шаралардан басқа, университет шегінен ақ халатпен шығуға!
  2. Өзара сыйластық – университет студенттерінің мінез-құлқының басты бағыты.

Қорытындылай келе, есіңізде болсын, университет – бұл Сіз бүкіл оқу кезеңінде өмір сүретін үй. Үйді тек қабырғалар ғана емес, ең алдымен, адамдар көркейтеді. Бұнда келген қонақтардың, кездейсоқ келушілер немесе әртүрлі ведомстволардың басшылары болсын, университет туралы алған әсерлері мен қалыптасатын пікір, көбінесе әрқайсыңызға байланысты. Сайып келгенде, Сіздің болашағыңыз да осыған байланысты.

Өз университетіңізге, мамандығыңызға және Сіз таңдаған өмір жолыңызға лайықты болыңыз!