Тарих тағылымы
11 қараша күні университтетің 65-жылдық мерейтойы аясында «Қоғамдық-гуманитарлық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен 1-курс студенттері арасында «Тарих тағылымы» атты дәстүрлі зияткерлік олимпиада өтті.
Шара мақсаты – университетіміздің мерейтойына орай еліміздің тарихында елеулі орын алған және Қазақстанның рухани өркендеуіне өз үлесін қосқан тұлғалардың жолын тарихи тұрғыдан болашақ дәрігерлерге насихаттау, оларға үлгі етіп көрсету. Сонымен қатар студенттердің өз халқының тарихына деген қызығушылығын арттыру, топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.
Олимпиадаға жалпы медицина факультетінің 101-102 (М.Аймағанбетова, Ж.Жахан, М.Айкен), 126 (М. Бекеев, М. Ибрашева, Ж.Аженова), 127-128 (М.Мақсотұлы, Ш.Досмұханбетова) және педиатрия мамандығының 101-102 (А.Рафаэлова, А.Бержанқызы, Б. Даулыбаева) топтарының студенттері белсенді қатысты. Сайыс төрт кезеңнен тұрды.
Танымдық шараны қорытындылаған «Қоғамдық-гуманитарлық пәндер» кафедрасының жетекшісі, т.ғ.к Ж.Т. Төлепбергени, өз сөзінде олимпиаданың идеологиялық тұрғыдан маңызды шара екенін атап өтті. Олимпиада жүлдегерлері университет әкімшілігі және кәсіподақ ұйымы тарапынан қаржылай марапаталынды.
Аталған шара өте тартымды, танымды болды. Олимпиада жүргізушісі Б.А. Молдин ел мүддесіне еңбек еткен ерлердің есімі ешқашан ұмытылмайтынын, алдағы уақытта да бүгінгідей ақпараттық-танымдық шаралардың болатынын хабарлады.