Қазақстанның І студенттік микрохирургтар форумы

Марат Оспанов атындағы БҚМУ-нің 65-жылдық мерейтойы шеңберінде Қазақстанның І студенттік микрохирургтар форумы өтті. Шараны ұйымдастырушы – қалыпты және топографиялық анатомия мен оперативтік хирургия кафедрасы.

«Микрохирургияның жас ғалымдары» студенттік клубы өткен жылы ашылған болатын. Үстіміздегі жылы клубтың 1 жылдығына орай алғаш рет өткізілді. Форумның 1-ші күні пленарлық отырыс, одан әрі секциялық – ғылыми баяндамалар және шеберлік-класс ұйымдастырылды.

Баяндамашылар Астана, Қарағанды, БҚМУ-дың жас ғалымдары, І Мәскеу медициналық университетінен микролаб негізін қалаушы ғалымдар, Беларусь мемлекетінен – Витебск медицина университеті, Қырғызстан Республикасының жас ғалымдары болды. Шеберлік-классты клуб жетекшісі Кадыров Жандос қатысушылармен бірге өткізді. Форумның екінші күні – микрохирургия бойынша олимпиаданың теориялық және практикалық бөлімі өтті. Форум соңында жеңімпаздарды марапатталды.

Форумның негізгі сыйлығы – алтын, күміс және қола апроксиматор белгісін үш команда; «Алтын апроксиматор» – Астана медицина университеті, «Күміс апроксиматор» – Марат Оспанов атындағы БҚМУ және «Қола апроксиматор» белгісін – Қарағанды медицина университетінің жас ғалымдары жеңіп алды.