Біздің мақтанышымыз

М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің стомотология факультетінің 2-курс студенті Аружан Өтебай Абу-Дабиде Джиу- Джитсуден өткен Әлем Чемпионатында “Қола жүлдегер” атанды. Сондай-ақ, Аружан – Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанды.

Студентімізді спорттағы жеңісімен құттықтаймын.

Қоғам үшін де, мемлекет үшін де спорттың маңызы зор. Спорт, ең алдымен, бізге күш-қайрат, жігер береді. Спорт арқылы біздің ұлтымыз, мемлекетіміз басқа ұлттарға, мемлекеттерге танылады, спорт арқылы біздің абыройымыз артады. Біздің Аружан еліміздің абыройын асқақтатып, жеңіспен оралды. Бұл – біздің университет үшін де үлкен мәртебе. Сол үшін де Аружанға Алғыс айтамын және денсаулық, ұзақ ғұмыр, мықты күш-қайрат, қайсарлық пен өршілдік тілеймін. Әрбір күні жақсы өзгерістерге, қуанышқа, жеңіске толы болсын! Абыройы асқақтай берсін! Отбасына амандық, деніне саулық тілеймін.

М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің ректоры, м.ғ. д., профессор Әсет Қалиев.