Марат Оспанов атындағы БҚМУ жас ғалымдарының Алматы қаласында өткен конференцияға қатысуы

2022 жылы 18 қарашада Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетімен қаржыландыратын ЖТН AP09058126 «Батыс Қазақстан ЖОО-ларында студенттердің кәсіптік даярлығы жағдайындағы студенттердің әлеуметтік жауапкершілігі» ғылыми жобасының (2021-2023) ғылыми-зерттеу тобының мүшелері, психология кафедрасының доценті PhD философия докторы Книсарина Малика Мақсатқызы және педагогика ғылымдарының магистрі, психология кафедрасының аға оқытушысы Жұмалиева Гүлмира Сайынқызы ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.

Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің базасында философия ғылымдарының докторы, профессор Аршабеков Нұрғали Рахымғалиұлының 70 жылдығына арналған «Жаңа Қазақстанды құрудағы педагогикалық жоғары оқу орындарының рөлі» атты халықаралық конференция өтті. Жас ғалымдар «Әлеуметтiк жаупкершiлiкті «Жаңа Қазақстандық» тәрбие беруде бiлiм берудiң педагогикалық шарттары» және «Әлеуметтiк жауапкершiлiк қазiргi қоғамның құндылығы ретiнде» тақырыптарында екі баяндама түрінде ғылыми зерттеу нәтижелерін ұсынды.