«All the people of the world should speak one language» дебаты

Университеттің 65-жылдығын мерекелеу аясында 2022 жылдың 24 қарашасында Тілдер кафедрасының оқытушылары классикалық пікірталас түрінде “All the people of the world should speak one language” атты ағылшын тілінде дебат ұйымдастырды. Пікірсайысқа “Жалпы Медицина” және «Фармация» факультеттерінің 1 курс студенттері қатысты, олардың ішінен осы мәселе бойынша қарама-қарсы көзқарастарды қолдайтын және дәлелдейтін 2 команда құрылды.

Құрамына студенттер, НИШ түлектері кіретін сарапшылар тобы қатысушылардың шешендік өнерін және ағылшын тілінде сөйлеу дағдыларын бағалады.

Пікірталас өткізудің мақсаты – студенттердің ағылшын тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыру, командада жұмыс істей білу және өз ойларын сауатты жеткізе білу. Командалардың өнерін бағалау нәтижелері бойынша жеңімпаз команда және үздік спикерлер анықталды. Үздік спикерлер: Өтемурадов Руслан (123-топ, «Жалпы медицина» және Наурызбай Сымбат (131-топ, «Жалпы медицина»). Пікірсайыстың барлық қатысушылары сертификаттармен және сыйлықтармен марапатталды.