Біліктілікті арттыру циклі
14.11. бастап 23.11.22 ж. күндері аралығында ЖДП 2 кафедрасында ҚР ДСМ 005 іске асыру шеңберінде 3 кредит/90 сағат көлемінде “Мамандандырылған медициналық көмекті жетілдіру” біліктілікті арттыру циклі бойынша практикалық денсаулық сақтау мамандары оқытылды.
А.Ш. Сартаева, Э.Б. Нурбаулина және З.Ж Танбетова семинар және практикалық сабақтарды өткізді. Дәрігерлер онкогематология, тыныс алу және эндокриндік жүйелер ауруларымен сырқаттанатын балаларды біріншілік медициналық-санитарлық көмек деңгейінде жүргізудің өзекті мәселелерін талқылады.