Оқу-тәжірибелік семинар
2022 жылдың 23-24 қарашасында Астана қаласында “Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Европадағы аймақтық бюросы” Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы өкілдігі арқылы ұйымдастырған оқыту-тәжірибелік семинары өткізілді.
Бұл семинарға М.Оспанов атындағы БҚМУ фармакология кафедрасының доценті, Ақтөбе облысының ОДСБ (облыстық денсаулық сақтау басқармасы) штаттан тыс клиникалық фармакологы, PhD Мусина Айгуль Закариевна, кафедра оқытушысы, докторант Балапашева Әйгерім Алдиярқызы және кафедра ассистенті Есенгубекова Асемгуль Бауыржановна арнайы шақырылып, қатысып келді.
Семинардың мақсаты: Қазақстандағы ауруханалардағы микробқа қарсы препараттарды тұтынуды қадағалау бойынша оқыту. Алдағы уақытта кафедра оқытушылары осы семинарда алған білімдерін Ақтөбе қаласының ауруханаларына тәжірибе жүзінде қолдану мақсатын қойып отыр.