ҚР ДСМ 005 бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыруды жүзеге асыру
2022 жылдың 3-інші қазанынан бастап 30 қараша аралығында Республикалық бюджеттік 005 бағдарламасы шеңберінде ҚР ДСМ “Денсаулық сақтау ұйымдарының кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау саласында білім беру қызметтерін көрсету” КеАҚ «Марат Оспанов атындағы БҚМУ» жанындағы «Кәсіби өсу орталығында» денсаулық сақтаудың 11 басым бағыттары бойынша бағдарламаларды тегін негізде іске асыру жүріп жатыр.
Оқытуға университеттің 17 клиникалық кафедрасының тәжірибелі профессорлық-оқытушылық құрамы қатысып, олар әр түрлі мамандықтағы дәрігерлерге арналған қосымша білім беру БА циклдарының 29 бағдарламасын жасады.
Осы бағдарлама негізінде 665 тыңдаушы білім алуда, олардың ішінде – ЖДП, терапевт, акушер-гинеколог, кардиолог, педиатр, хирург, балалар хирургтары, анестезиолог-реаниматолог, инфекционист, фтизиатр, медициналық реабилитолог, психолог, эпидемиолог дәрігерлер және бас дәрігерлер мен олардың орынбасарлары.
Тәжірибелі дәрігерлер үлкен қызығушылықпен және зейінмен өз білімдерін жетілдіріп, дәрігерлік біліктіліктерін арттыруда.