М.Оспанов атындағы БҚМУ-нің 65 жылдық мерекелік салтанаты

Ресми мерекелік салтанатты жиында «Даңқты өткен шақтан жарқын болашаққа» атты тарихи-деректі фильмнің таныстырылымы өтті. Алғашқы құттықтау сөз кезегі – Ақтөбе облысының әкімі Е.Л. Тоғжановқа берілді.

Аймақ басшысы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы-«Шапағат» медалін Жакиев Базылбек Сағидоллаұлын марапаттады. Базылбек Сағидоллаұлы -медицина ғылымдарының докторы, профессор, №2 хирургиялық аурулар кафедрасының меңгерушісі болып ұзақ жылдан бері табысты еңбек етіп келеді.

Ақтөбе облысы әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталғандар:

  1. Гордышева Ирина Васильевна – университеттің медициналық орталығы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары, медицина саласының үздігі,
  2. Сарқұлова Жансұлу Нүкенқызы – медицина ғылымдарының докторы, анестезиология және реанимация кафедрасының меңгерушісі,
  3. Базарғалиев Ерлан Шаймерденұлы – №1 ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты.

 Ақтөбе облысы әкімінің «Қала құрметі» төсбелгісімен марапатталғандар:

  1. Шиканова Светлана Юрьевна – №1 акушерлік және гинекологиялық кафедрасының жетекшісі, профессор
  1. Ким Светлана Валентиновна – №2 балалар аурулары кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымының кандидаты.