«Үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламаларын әзірлеуді талқылау»
М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің 65-жылдығына арналған дөңгелек үстел басына медициналық білім беру жоғарғы оқу орындарының өкілдері түгел жиналды. Алқалы жиын онлайн және офлайн нұсқада өтті. Әріптестер 6-жылдық білім берудің үздіксіз интергацияланған бағдарламасын қызу және жіті талқылады.
Сонымен қатар, «ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ КЛИНИКА ИНТЕГРАЦИЯСЫНЫҢ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ» атты СЕКЦИЯ да өз жұмысын онлайн және офлайн форматта қатар жүргізді. Бұл секцияға қатысушылар медицина ғылымы мен клиникалық жұмыстардың сабақтастығы жайында өзара пікір алмасты. Екі жиынның соңынан тиісінше қарар қабылданды.
ҚР ҰҒА академигі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, м.ғ.д., профессор, Медициналық және дәрілік заттар жөніндегі Ұлттық сараптама орталығының жетекшісі Р.С.Көзденбаева «Қазақстан республикасындағы фармацевтикалық бақылау» атты дөңгелек үстел өткізді.
Осы үш үлкен жиын М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің 3 күнге жоспарланған тәжірибелік, теориялық, ресми, салтанатты және мерекелік іс шаралардың нүктесін қойды.