Марат Оспанов атындағы БҚМУ мен Қ.Жұбанов атындағы АӨУ арасындағы ғылыми-шығармашылықты ынтымақтастық
2022 жылдың 1 желтоқсанында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «Ғылыми жобаларды дайындаудың тиімді жолдары мен әдістері» тақырыбында қалалық әдістемелік семинар өтті. Семинарды ұйымдастырушы – Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Психологиялық-педагогикалық және арнайы білім беру» кафедрасы болды.
Марат Оспанов атындағы БҚМУ психология кафедрасының доценті, PhD докторы Книсарина Малика Мақсатқызы және Марат Оспанов атындағы БҚМУ психология кафедрасының аға оқытушысы Жұмалиева Гүлмира Сайынқызы шақырылған қонақ ретінде қатысты. Семинарға «Клиникалық психология» мамандығының 1 курс студенттері және «Психология» мамандығының 3 курс студенттері, сонымен қатар кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.
Спикерлер «Білім алушы жастардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыру бойынша психологиялық-педагогикалық қолдау бағдарламасы» тақырыбында Книсарина М.М. және «Әлеуметтік жаупкершілікті «Жаңа Қазақстандық» тәрбие беруде білім берудің психология-педагогикалық механизмі» – Жұмалиева Г.С. баяндамалар жасады. Семинарда ғылыми зерттеулерді жоспарлау ерекшеліктері, атап айтқанда, БҰҰ ұсынған тұрақты даму мақсаттарына сәйкес ғылыми жобаның тақырыбын әлемдік қауымдастықпен таңдау және т.б. орайда болды.
Студенттер семинарға белсене қатысып, қызықты сұрақтар қойып, өз көзқарастарын білдірді. Соңында «Психологиялық-педагогикалық және арнайы білім беру» кафедрасының жетекшісі, педагогикалық ғылымдарының докторы, профессор Төребаева Клара Жаманбайқызы қатысуыларды Марат Оспанов атындағы БҚМУ-ң 65-жылдық мерейтойымен құттықтап, ізгі ниетпен алдағы уақытта шығармашылық табыс пен ғылыми-шығармашылық даму тіледі. Қонақтарға алғыс білдіру мақсатында сертификаттар табыс етілді.