Ұжымға алғыс

“Медициналық білім берудегі инновациялар”атты мерейтойлық ғылыми-практикалық конференция аяқталды. Ұрпақтар сабақтастығын сақтау мақсатында конференцияға университет және денсаулық сақтау ардагерлері шақырылды; марапаттау және кешкі ас өтті.

Университет пен клиникалық базалар қызметкерлері де марапаттарға ие болды: ведомстволық, жергілікті атқарушы органдар, университет.

Университеттің құрылғанына 65 жыл толуына орай университет пен клиникалық базалардың барлық қызметкерлері, атқаратын лауазымына қарамастан, барлығы үшін бірыңғай мөлшерде сыйақы алды.

2022 жылғы 3 желтоқсанда «Өнер орталығында» 500-ге жуық қызметкер Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткерлерінің,”Салтанат” мемлекеттік би ансамблінің өнерінен жарқын эмоциялар, жақсы көңіл-күй мен жан тыныштығын алды.

Мерейтойыңызбен, туған университет! Жаңа жетістіктерге жетіңіздер!