Жеңімпаз!

Біздің университтегі Елутаева Аида стоматология факультетінің 302-топ студенті ғылыми конференциялық форумда жүлделі 1-ші орынға ие болды. Студенттерге арналған алқалы жиын үстіміздегі жылдың 3-4 желтоқсан аралығында өтті.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің стоматология факультетінің ұйымдастыруымен өткен форум мына бағытта ұйымдастырылды:

Еркін тақырып
Ғылыми зерттеген жұмысын қорғау
Сұрақ-жауап

   

Форумның мақсаты: теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларды тереңдету және дамыту, ал негізгі міндеті – қатысушылардың зерттеушілік, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін анықтау және дамыту. Үміткерлердің тұлғалық қасиетін қалыптастыру мен стоматологиялық тәжірибелік дағдысын арттыру.

Осы тайталаста Аида Елутаева «Бір мезеттік имплантация» деген тақырып бойынша сынаққа қатысты. Республика бойынша қатысқан 15 үміткердің арасынан суырылып шығып Аида 1 орынның Кубогы мен ақшалай сыйлыққа ие болды. Екі күнге созылған форум делегаттары үшін арнайы саяхат, пленарлық отырыс, стоматология факултетінің оқытушылық-профессорлық құрамымен кездесу ұйымдастырылды.

 Аида Елутаева жақында «Үздік студент-2022» атағын иеленген болатын. Жеңісті жолдар жалғассын дейміз!