Жаңа оқулық таныстырылды

М.Оспанов атындағы БҚМУ қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы, әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі Алтай Тайжанов пен гуманитарлық ғылымдар магистрі Гүлдариға Симұқанованың «Философия» оқулығы баспадан шықты.

Оқулықтың таныстырылымы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің базасында ұйымдастырылды. Алқалы жиынды осы университеттің ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры, т.ғ.д., профессор Рахым Бекназаров жүргізді.

ЖОО студенттеріне арналған оқулық жайында қоғам қайраткері, ф.ғ.д., профессор Амангелді Айталы, университеттің әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры, ф.ғ.к. Есбол Мұханбеткалиев, М.Оспанов атындағы БҚМУ Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Жанар Төлепбергени өз пікірлерін ортаға салды.

«Философия» оқулығы пән бойынша жаңа оқу бағдарламасына лайықталып, сәйкестендіріліп жзылған тұңғыш оқулық. Пікірталасқа қатысушылар жаңа оқулықтың мәні мен маңызын жоғары бағалады.