Мерейтойлық оқиғалар
“Медициналық білім берудегі инновациялар” мерейтойлық ғылыми-практикалық конференциясы аясында университет құрылғанына 65 жыл толуына орай “Үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламаларын әзірлеуді талқылау” (ҮИМБ) тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Отырысқа А.О. Мысаев, (ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адам ресурстары департаменті директорының орынбасары), С.И. Садықова (ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің дайындау бағыты – денсаулық сақтау бойынша РОӘК ОӘБ төрағасының орынбасары) қатысты.
ҮИМБ бағдарламасын әзірлеуді талқылауға медициналық жоғары оқу орындарының ректорлары: Надыров Камалжан Талғатұлы, “Астана” медицина университеті; Тұрмұхамбетова Анар Ақылбекқызы, “Қарағанды медицина университеті” КЕАҚ; Дюсіпов Алтай Ахметқалиұлы, “Семей медицина университеті” КЕАҚ; Рысбеков Мырзабек Мырзашұлы, “Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы” АҚ; Датхаев Убайдилла Махамбетұлы, С.Д. Асфендияров атындағы ҚММУ стратегиялық және корпоративтік даму жөніндегі проректоры. Пікірталастар, пікір алмасу өтті, бұл білім беру процесінің сапасына ықпал ететіні сөзсіз. Дөңгелек үстел өтіп, қарар қабылданды.
Мерейтойлық конференцияның салтанатты ашылу күні жоғары медициналық мекемелердің өкілдері университет ұжымын оқу орнының құрылғанына 65 жыл толуымен құттықтап, құттықтау хаттарын, естелік кәдесыйлар, сыйлықтарын табыс етті.
Ғылыми-практикалық конференцияны өткізу кезеңінде дөңгелек үстелге қатысушылар анатомия, гистология және басқа да кафедралардың қызметімен және олардың жабдықтарымен, оқу бөлмелерімен толық таныса алды.
Қазақстан халқы үшін жоғары білікті медициналық кадрларды кәсіби даярлау сапасын арттыру үшін одан әрі ынтымақтастыққа үміттенеміз.