Үздік студенттік ғылыми-зерттеу жұмысы
“Жалпы медицина” білім бағдарламасы бойынша 5 және 4 курс студенттері Жолдыбаева Индира мен Аманжол Дана республика бойынша студенттік ғылыми-зерттеу жұмысының үздігі атанды!
2022 жылғы үздік ғылыми студенттік жұмысқа конкурста жеңіске жеткені үшін оларға ҚР Жоғары білім Министрлігінің 1-дәрежелі дипломдары табысталды. Байқауға ұсынылған 29 жұмыстың ішінен “IRI САУАЛНАМАСЫ (ТҰЛҒААРАЛЫҚ РЕАКТИВТІ ИНДЕКС, ДЭВИС ТЕСТІ) АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕР МЕН МЕДБИКЕЛЕРДІҢ КОММУНИКАТИВТІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІНІҢ МАҢЫЗДЫ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ РЕТІНДЕ ЭМПАТИЯНЫ ЗЕРТТЕУ” тақырыбындағы жұмыс ең үздік деп танылды. Ғылыми жетекшісі – м.ғ.к., психология кафедрасының жетекшісі АИ. Миралеева.
Индира мен Данаға жеңімпаздық дипломды “М. Оспанов атындағы БҚМУ” КеАҚ Басқарма төрағасы-ректоры, м.ғ.д., профессор Ә.Ә. Қалиев 14.12.2022ж. өткен студенттермен кездесуіне салтанатты түрде табыс етті. Бұл жеңіс олар еліміздің Тәуелсіздік күні мейрамына тамаша тарту болды.