Тәуелсіздік Күніне орай
14 –желтоқсан күні Тәуелсіздік мерекесіне орай. «Дәлелді медицина және ғылыми менеджмент» кафедрасының ұйымдастыруымен “Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз” атты іс-шарасы өтті. Іс-шараға 5-курс жалпы медицина студенттері қатысты. Іс шара мақсаты – студенттерге өздерінің тарихын білуге, Отанын сүюге, Ұлтаралық достыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.
Мереке студенттер мен басқа да қатысушылардың Қазақстан Республикасының Әнұранын орындауымен басталды, содан кейін 1986 жылғы 16 желтоқсанда қаза тапқан құрбандарымыздың құрметіне бір минут үнсіздік жарияланды. Одан кейін Тәуелсіздік күніне арналған өлеңдер оқылды.
Әрі қарай «Қазақстан тарихы, батырларымыздың естелегі» фильмі тамашаланды. Студенттер тарихта із қалдырған Қ.Рысқұлбековтің сахнасынан әсерлі үзінді ұсынды. Шара соңында «Елім менің» әні орындалды. Сонымен қатар, сөз соңында кафедра жетекшісі Садыкова Г.М. өзінің жылы лебізі мен тілегін білдіріп, шараны аяқтады.
Тәуелсіздік күні – бұл біздің өз мемлекеттілігіміз үшін ғасырлар бойғы күресіміздің тәжі, халықтың табандылығының бейнесі, оның болашаққа деген ұмтылыстарының жарқын көрінісі болып табылатын, айбынды мереке. Тәуелсіздік бізге сыйлық ретінде немесе кездейсоқ келген жоқ. Шара өте жоғары деңгейдіе әсерлі өтті.