Токио форумы
Желтоқсан айының 6-11 жұлдызы (2022ж) аралығында Токиода әлем нутрициологтарының 22-ші («22nd IUNS-ICN International congress of nutrition») халықаралық Конгресі өтті. Тамақтану ғалымдары қоғамының ұйымдастыруымен өткен форумға қатысу үшін Жапония астанасына дүние жүзі бойынша 3344 делегат жиналды.
Олардың қатарында М.Оспанов атындағы БҚМУ-нің ғылыми жұмыстар жөніндегі департаменттің жетекшісі А.М.Баспақова да болды. Ақмарал Мұхамбетжанқызы «Ақтөбе қаласындағы ересек тұрғындар арасында сүтті тұтыну жиелігі» («Frequency of milk consumption among the adult population of Aktobe city and a comparative evaluation of the results of laboratory studies of milk») атты баяндамасын ұсынған. Бұл тақырып бойынша 2 жылға созылған зерттеу жұмыстарының нәтижесі. Таза ағылшын тілінде алпауыт елдердің атақты ғалымдарымен бір қатарда халықаралық конгресте баяндама жасау үшін А.Баспақова конкурсқа өз баяндамасын сәуір айында жолдаған. Іріктеуге іліккендігі жөніндегі хабар авторға 2022 жылдың 25 маусымында жеткен.
Алты ай бойы өзінің ағылшын тілін шыңдап, бүкіл дүние жүзі нутрициологтары бас қосқан әйгілі Токио конгресіндегі 3344 делегатқа баяндамасын тыңдатқан Ақмарал Мұхамбетжанқызының ғылым жолындағы бұл да бір жаңа табысы. Өткен жылы ол Білім және ғылым министрлігінің Грантын жеңіп алған болатын.
Негізгі жұмысы 9 бөлімнен тұратын Конгресте 1464-жапондық, 691-азиялық, 224- африкалық және 481- европалық ғалым баяндама жасаған. Ғылыми зерттеу жұмыстары мен жарыссөзге Солтүстік Америкадан -346, Оңтүстік Америкадан – 52, Океаниядан – 86 ғалым етене араласып, өз жұмыстарын ұсынған. Конгресс аясындағы ашық дәрістерге Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының (БӘДСҰ) ғалымдары түрлі тақырыпта баяндама жасаған. Ерекше ықыласпен тыңдалған жұмыстың бірі медицина және физиология ғылымы бойынша Нобель сыйлығының иегері, жапондық ғалымның дәрісі болды.
Токио конгресінде 32 арнайы, 8 пленарлық дәріс тыңдалды. Конгресс бағдарламасы мейілінше ыждағатты, құнды да сапалы құрылған. Мысалы, 06 -11.11. 2022ж. аралығында 9 арнайы симпозиум, 124 жалпы симпозиум, 2 ірі панельдік талқылау, 1810 ауызша постерлік баяндама жасалды. Тоғыз бөлім бойынша нутрициологиялық зерттеулердің жетісіктері жөнінде, нутрициологиялық бағалау, нутрициологиялық оқумен айналысу, нутрициологиядағы ауруларды басқару, тамақтану мәдениеті мен тәжірибесі және нутрициологиялық білім беру, оның қоғамдағы орны жайындағы сұрақтар ауызша және постерлік баяндамаларда қамтылды.