Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік

М.Оспанов атындағы БҚМУ-нің балалар хирургиясы кафедрасының ұжымы 621-топ студенттерімен бірге Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағатын өткізді.

Іс-шара ҚР Мемлекеттік әнұранмен басталды. Ел азаттығы біз үшін арзанға түскен жоқ. Бұл- батыр бабалардың найзасы, желтоқсанның ызғарында қан құсқан өрімдей жастардың ерлігімен келген құны қымбат сый! Сол себепті Тәуелсіздік күнінің маңызы зор, салмағы ауыр,- дей келе кеш жүргізушісі 1 минуттық үнсіздік жариялады. Бұл-ел тәуелсіздігі жолында ерлік танытқан ата-бабалар мен желтоқсан боздақтарына арналған еске алу, олардың рухына бүгінгі ұрпақтың тағзым етуі.

Кеш барысында әдеби-тарихи бейне естелік көрсетіліп, Е.Елібаев, Н.Бердібаев, А.Уайсбай сияқты студенттердің орындауында шағын театраландырылған композиция қойылды. Тәуелсіздік тарихын санада жаңғырту мақсатында викториналық сұрақтар ұйымдастырылды. 621 топ студенттерінің орындауындағы «Қазақстаным» әні мағыналы да мәнді кештің нүктесін қойды.

Кафедра жетекшісі А.Б. Түсіпқалиев ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, тәуелсіздік күнімен құттықтады. Ал, осы кафедраның доценті Ж.Тәңірбергенұлы «16-желтоқсан» атты өзінің автолық төлтума шығармасын көпшілікке тарту етті. Тәрбиелік шын мәнінде өзінің мәнділігімен, мазмұндылығымен тартымды өтіп, көптің көңілінен шықты.