Үндістандық студент-тоғызқұмалақ шебері
Қазақтың ұлттық ойыны-тоғызқұмалақтың үздік ойыншысы үнді қызы Chelcy Bharti. Ол М.Оспанов атындағы БҚМУ-нің халықаралық факультеті 323 тобының үздік студенті.
Chelcy Bharti-28-29.11.2022ж. Ақтөбеде өткен VI Әлем чемпионатында-Жапония, Қытай, Пәкістан, Өзбекстан, Түркіменстан және Қазақстан елдерінің тоғызқұмалақшыларымен 6 кездесу және 2 рет блиц-турнир өткізді. Осы ойындардың барлығында да Chelcy Bharti – қарсыластарын ұтып шығып, халықаралық әділ қазылар тарапынан жоғары баға алды.
Chelcy Bhartiдің-тоғызқұмалақ ойнын үйренгеніне бар болғаны-1 жыл. Осы уақыттың ішінде ол 2 рет әлем чемпионатына қатысып отыр. «Мен-шахматты сүйсіне ойнаймын, логикалық ойынға құрылған тоғызқұмалақ та өте қызықты әрі тартысты ойын, қазақтың осы ұлттық ойыны-халықаралық сипат алып келеді», – дейді Chelcy Bharti.
Ол Үндістанның Раджстан штатынан, анасы-оқытушы, ағасы компьютер маманы. Chelcy Bhartiдің жаттықтырушысы- Ғ.Қ. Жетпісбаев университет студенттернің арасынан гір тасын көтеру бойынша 2 Әлем чемпионын дайындаған ҚР спорт шеберінің кандидаты.