ЖОО ішілік конкурстың 3 кезеңі бойынша нәтижелер
2022 жылғы 30 қыркүйекте “Марат Оспанов атындағы БҚМУ” КЕАҚ өз қаражатынан қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын гранттық қаржыландыруға конкурс бойынша өтінімдерді қабылдау аяқталды. Барлығы 9 өтінім берілді. 2023 жылға арналған конкурстың қорытындысы бойынша университет ПК мүшелері келесі жобаларды қаржыландыру үшін мақұлдады:
- «Қазақстан Республикасындағы қарттарды үйде күтетін тұлғаларды кешенді бағалау»
- «Хром мен γ-сәулеленудің оқшауланған және біріктірілген әсерлері кезінде егеуқұйрықтардағы, олардың ұрпақтарының репродуктивті қызметінің уытты әсерін түзету»
- «Биосинтетикалық белсенділік пен өнімділікті арттыру мақсатында микроскопиялық саңырауқұлақтар негізінде протеаза ферментін алудың ғылыми негізін әзірлеу»
- «Ми инфарктісі бар науқастарда мидың зақымдануындағы қан-ми тосқауылының дисфункциясының болжамды маңыздылығы»
- «Қазақстан Республикасының Батыс өңірінің балалаларының элементтік статусы»
- «Эндотелий гликокаликсін зерттеу негізінде ауыр жарақаттық зақымдануы бар науқастарда аурудың нәтижелерін ерте болжаудың заманауи ғылыми стратегияларын әзірлеу»
- «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде дербес мейіргерлік қабылдаудың нәтижелілігін зерттеу»