Кітапханадағы психология кафедрасының күні

21.12.2022 Марат Оспанов атындағы БҚМУ кітапханасында психология кафедрасының күні өтті. Кафедра оқытушылары «Психология», «Медициналық психология», «Клиникалық психология», «Коммуникациялық дағдылар» пәндері бойынша қазақ орыс, және ағылшын тілдеріндегі жаңа әдебиеттермен танысты.

Сонымен қатар, бұл күні қонақтар шақырылды: ШЖҚ «Отбасылық медицина орталығы» МКҚ-гі практикалық денсаулық сақтау өкілі (Бөкенбай батыр көшесі, 133А), практикалық психолог Иманғалиева Шолпан Нарымбайқызы; Марат Оспанов атындағы БҚМУ әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз ету бөлімінің психологтары Бисекова Гүлнұр Дүйсенбекқызы және Нариманов Дастан Нариманұлы.

Шақырылған мамандар, кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы психология-педагогикалық ғылым саласындағы жаңа ғылыми әдебиеттермен таныстырылды, сонымен қатар біздің кітапхана қызметкерлерінен әртүрлі пәндер бойынша заманауи инновациялық ақпарат көздері туралы хабарландырулар, кеңестер алды. Кітапханадағы психология кафедрасының күні мазмұнды, өте қызықты және нәтижелі өтті.